08 Қараша 2019
173

Кадрлық тағайындау

 

 

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы тағайындалды.

Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы – 1962 жылы туған. Білімі жоғары. А.И. Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.   

Еңбек жолын БҚО Камен ауданының Ленин атындағы совхозда құрылыс учаскесінің мастері, прорабы қызметтерінен бастаған.

Әр жылдары:

-  «Казторгстрой» тресінің Орал құрылыс учаскесінің бас инженері;

- Батыс Қазақстан облысы Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы;

- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

- Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ең ірі компанияларының бірі - «Астана Тазалық» ЖШС-нің басшысы қызметіне ауысты.