09 Қыркүйек 2019
54

Сырымдық Эльбрус шыңын бағындырды

38 жасар сырымдық Исатай Темірбаев әлемдегі ең биік шыңдардың бірі Эльбруске шығып, теңіз деңгейінен 5 642 метр биіктіктегі Кавказ мен Еуропаның ең биік нүктесін бағындырғандардың қатарында болды. Темірбаевтың Батыс және Шығыс биігіне шығуы қыркүйек айының 5 күні сағат 09:30-да тіркелді.

 

Эльбрус тауын бағындыру үшін 30 қазақстандық Орал қаласынан тамыз айының 28 күні жеңіл көлікпен аттанған. Кабардин-Балкария республикасына жеткеннен кейін олар әуелі Чегем тауына, кейін Пикет 105 шыңына шығып, климатқа бейімделу шараларынан өткен. -Алғашқы күндері араға күн салып, тынығып, 3000 метрдің шамасындағы биіктіктерге шығып, кері түсіп жаттығып жүрдік. Тауға шыққан үшінші күні тобымыз 5 100 метр биіктікке көтерілді. Осы күн әуесқой альпинистердің көбіне қиын соқты. Ауа қысымының қатты болуынан жүрек айну, лоқсу басталды.

 

- 5 642 метр биіктіктегі Кавказ бен Еуропаның ие биік нүктесіне шығуға 10 сағаттың үстінде уақыт кетті. Құрамның 13 мүшесі ғана бұл биікке жетті. Эльбрусты бағындырудағы басты мақсатым – өзімді сынап көру,- дейді Исатай Темірбаев.

 

Айта кетейік, Исатай Темірбаев – салауатты өмір сүру стилін ұстанатын жандардың бірі. Орал қаласындағы «UralskRunners» жүгірушілер тобының мүшесі түрлі марафондарға да қатысып тұрады.