12 Шiлде 2019
75

Кадрлық тағайындау

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен Батыс  Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Сайынұлы Антазиев тағайындалды.

 

Антазиев Әлібек Сайынұлы – 1982 жылы туған. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

 

- Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы;

 

- Орал қаласының құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі;

 

- Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы мониторингі бөлімінің,  өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы;

 

2016 жылдың қазан айынан бастап Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.