11 Шiлде 2019
217

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Теректі ауданында болды

Алдымен өңір басшысы Ақсуат ауылында орналасқан күрделі жөндеуді қажет ететін Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебін тексерді.

 

 

 Сапар барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі ауданының активімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды тапсырды.Кездесуде көлік-логистикалық инфрақұрылым мен шағын орта кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылық саласы, мемлекеттік жеке меншік серіктестік, шалқар көлін қайта түлету мәселері талқыланды. Облыс әкімінің Теректі ауданындағы қоғамдық өкілі болып Валерий Голоухов тағайындалды. Одан соң облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.