11 Шiлде 2019
49

Өңір басшысы Ғали Есқалиев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннермен кездесті

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннердің басшылығымен Германия экономикасы Одағының делегациясымен кездесті.

 

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, облыстың дамуы мен инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.

 

Ғали Ескалиев делегация мүшелеріне Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторлар үшін жасалатын жағдайлар туралы айтып берді.

 

- БҚО қуатты инвестициялық әлеуетке ие. Тиімді географиялық орналасуы, коммуникациялық желілердің дамуы, облыстың табиғи байлықтары, зияткерлік ресурстары мен шекаралық орын өңір деген отандық және шетелдік инвесторлардың назарын аударады. Осының барлығы сыртқы экономикалық ынтымақтастықты жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың Германия Федеративтік Республикасымен тауар айналымы 5,6 млн.тг құрады. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары ГФР кәсіпорындарымен өзара тиімді ынтымақтастық орнатты. Бүгінгі кездесуіміздің нәтижесі жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіремін, - деді өңір басшысы.

 

Ғали Есқалиев екі ел арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас орнағандығын және Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор екенін атап өтті. 

 

Өз кезегінде Тило Клиннер облыс әкіміне қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, неміс инвесторларының облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға қатысуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Елші батысқазақстандық кәсіпорындарымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен қызығушылықтарын жеткізді.