10 Шiлде 2019
200

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды

Алдымен өңір басшысы Қазақстанның халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған республикалық ән байқауын тамашалады. Сондай-ақ, аудан орталығындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының жұмысымен танысып, тозығы жеткен жылу құбырларын тексерді.


Сонымен қатар облыс әкімі Алаш саябағында болды. Алдағы уақытта Алаш саябағында аудан меценаттарының көмегімен «Руxани жаңғыру» бағдарламасының аясында музей салынатыны белгілі болды.


Сондай-ақ, өңір басшысы Аққозы ауылдық округіндегі "Ермек" шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты. Ауданның шаруа қожалықтарымен кездесіп, ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуы аталмыш саланың мамандары және еңбеккерлерімен талқыланды.


Сапар барысында облыс әкімі аудан активімен кездесіп, аудан әкімі Жанат Асантаевтың атқарылып жатырған жұмыстары және алда атқарылар жоспарлары туралы баяндамасын тыңдады.


Облыс әкімі өз сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды тапсырды.


Сондай-ақ, жиында шағын және орта бизнесті дамыту, инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нақты тапсырмалар берілді. Облыс әкімінің Қаратөбе ауданындағы қоғамдық өкілі болып еңбек ардагері Ғарапша Саxипов тағайындалды. Одан соң облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.