06 Маусым 2019
50

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «AQJAIYQ» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысты

 

Облыс әкімі екі сағат ішінде аудандар мен Орал қаласынан келіп түскен телекөрермендердің сауалдарына жауап берді. Аймақ басшысы тікелей эфирде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

 

 

 

Батысқазақстандықтарды тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, жол жөндеу мен территорияларды абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. мәселелер қызықтырды.

 

Тікелей эфир уақытында 300ден астам сұрақтар келіп түсті.

 

Айта кетейік, WhatsApp мессенджердің қолданушылары белсенділік танытты.

 

Тікелей эфир соңында телекөрермендерге белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіре отырып, әр сұраққа жауап берілетініне және мұндай кездесулер жиі болатынына сенім білдірді.