06 Маусым 2019
124

Оралда халықаралық "Uralsk Green Forum” экологиялық форумы өтті

 

Бүгін өңір басшысы А.Көлгінов қаламызда өткен халықаралық "Uralsk Green Forum” экологиялық форумына қатысты.

 

 

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасақталған "жасыл экономика" тұжырымдамасы және " Жасыл көпір" бағдарламасы аясында өткен III халықаралық "Uralsk green forum" форумы аталған бағдарламалар мен стратегиялық құжаттардың орындалу жолындағы бірегей алаңға айналды. Өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігі мәселесін қозғаған кезде КПО б.в. компаниясын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар "Стеклосервис","Кублей", "Конденсат", "Жайықмұнай" және "Кама центр" сынды кәсіпорындар қайта өңделген өнімдерді пайдалану арқылы экологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды тауарлар өндіруде. Сондай ақ, өңір фермерлері 403 күннен қуат алатын және 113 жел қондырғыларын пайдалануда. Осы жылы финдік инвесторлармен бірігіп қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісін іске қостық. Ендігі кезекте инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу және биогаз өндіруді жоспарлауда, - деді облыс әкімі.

 

Айта кету қажет, аталмыш форум үш жыл қатарынан өтуде. Аз ғана уақыт ішінде форум өзекті экологиялық мәселелерді талқылайтын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін xалықаралық алаңға айналды.