05 Қараша 2018
1365

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

 

1.Қызметі жөнінде қысқаша ақпарат  


«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысының индустриалдық, технологиялық және инновациялық стратегиясын қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік, сауда, туризм, сыртқы экономикалық байланыстар, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

2.Батыс қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысының және басшысының орынбасарының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

 

А.Т.Ж

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНІ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

Жалмағамбетов Арман Жанатұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі 15-00 – 17-00

50-80-09

Ибраимов Бақдаулет Талғатұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Бейсенбі 15-00 - 17-00

50-80-09

Вакансии

Басқарма басшысының орынбасары

Жұма 15-00 - 17-00

50-80-09

 

3. Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызмет көрсету:

 

1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру».
2. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру».
3. «Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру».

4. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету».

5. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»;

6. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру»;

7. «Туристік маршруттармен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді».

 

4. миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары: 


«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы индустриалдық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, сауда, туризмді қолдау, сондай-ақ сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту  арқылы Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібі саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.


5.Міндеттері:


                1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;

                2) Батыс Қазақстан облысының аумағында жеке кәсiпкерлiктi және инвестициялық жағдайды дамыту үшiн жағдайлар жасау;


6.Функциялары:


1) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшеріне өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізу;

4) өңдеу өнеркәсібі секторы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндіретін, соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару, көлемін талдау, бағалау және болжам жасау;

5) шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттар енгізуге жәрдем көрсету;

6) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Батыс Қазақстан облысында іске асыру, инновацияларды, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуге, облыстың өңдеу өнеркәсібі секторын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу;

7) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

8) индустрияландыру картасы және өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы шеңберінде инвестициялық жобаларға мониторингті жүзеге асыру;

9) жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйе құраушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізу;

10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

11) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

12) уәкілетті органның келісімі бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;

13) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

14) туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

15) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзіреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

7.Пошталық мекенжайы: 090006, БҚО Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116
8.Электрондық пошта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
9. Анықтама қызметінің телефоны:  50-80-09

10. Ресми интернет ресурсы: http://www.business-bko.gov.kz