Аудан жаңалықтары


Сырымда 264 тұрақты жұмыс орны ашылған

 

Биыл Сырым ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын орындаумен айналысатын халықты жұмыспен қамту орталығы ашылды. Он ай ішінде орталыққа 1253 адам жолығып, 1424 адам жұмыспен қамтудың әр түрлі шараларына тартылды.

Теректіде «Жайық жастары» облыстық жайдарман фестивалі өтті

 

Тұңғыш рет өткізілген фестивальге аудандардан және Орал қаласынан барлығы 14 команда қатысты. Әзілкештер додасын әйгілі жайдарманшы, «КазИИТУ» құрамасының капитаны Әскербек Баянғалиев жүргізді.

Жәнібекте «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер берілді

 

14.11.2018ж

 

Бүгін Жәнібек ауылының батыс бетіндегі Наурыз көшесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша бастау алған екі пәтерлік жиырма тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Сатқанов арнайы келіп қатысты.

Жаңақала ауруханасы жапондық грантқа үміткер

 

14.11.2018ж

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің Атташесі Юма Танакамен және «Корни травы» қайтарымсыз гранттық бағдарламасының үйлестірушісі Жанар Амантаймен кездесті.

Зеленовта ауған соғысы мен Чернобыль жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылады

05.11.2018ж

 

Бұл туралы Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров ауданда тұратын ауған соғысы, Чернобыль апатын залалсыздандырған жауынгерлер және Семей полигонында Отан алдындағы міндетін атқарған ардагерлермен болған кездесуде мәлімдеді.