Аудан жаңалықтары


Ақжайық ауданында спортшыларға құрмет көрсетілді

 

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ауданның белгілі спортшылары және олардың жолын қуған ұл-қыздарды, түрлі жарыстарда дараланып жүрген жастарды марапаттады.      

Бәйтеректік футбол ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

Бәйтерек ауданының əкімі Асхат Шахаров аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында өткен шағын футбол қорытындысында жеңімпаз атанған ардагерлерден құралған "Бəйтерек" футбол командасы мүшелерімен жүздесіп, жеңістерімен құттықтады.

Сырымауданыәкімі олимпиада жүлдегерлеріменкездесті

 

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев республикалық білім додасында топ жарған Қ.Мырзалиев атындағы мектептің оқушыларымен кездесті.

Ақжайықта Еркін Өтегеновтің шығармашылық кеші өтті

 

Ақжайық ауданының орталығыда күллі алашты әнімен әлдилеп жүрген, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегеновтің «Ақжайық – әнім» атты шығармашылық кеші өтті.

Қаратөбелік спортшылар ел чемпионатынан жеңіспен оралды

 

Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен қол күресінен ел чемпионатында облыс намысын қорғаған қаратөбелік спортшылар үлкен абыроймен оралды.