Аудан жаңалықтары


Сенат депутаттары Тасқалада

 

Тасқала ауданы активінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. ҚР Парламент Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев пен Е.Мұқаев жиынға арнайы қатысты.

«Ақжайық» сапын 4 қазақстандық ойыншы толықтырды

 

Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтай келген «Ақжайық» футбол клубы құрамын толықтай жасақтады. Келер маусымда Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат еткен клуб қазақстандық төрт ойыншымен келісім-шартқа отырды. Олар Дәренбек Тәжімбетов, Ильнур Мангуткин, Арман Смаилов және Наурызбек Жагоров.

Т.Жароков атындағы мектепте өлкетанушы, журналистпен кездесу өтті

 

Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте аудандық музей және аталған білім ұясының тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тарихшы, өлкетанушы, журналист Ахмедияр Батырхановпен кездесу кеші өтті.

Тасқалада алма бағын өсіру жобасы жүзеге асырылуда

 

Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов Тасқала ауданында болып, жергілікті қожалық басшылары және кәсіпкерлермен кездесті.

Сырымда «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 

Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов және сала басшылары тұрғындарды толғандырған мәселелері бойынша қабылдады.