Аудан жаңалықтары


Сырымдық оқушылар 3D сурет салып сайысты

 

Сырым ауданында балалар мен жасөсіпірімдердің шығармашылық орталығында «Ерекше 3D сурет өнері» атты байқауы ұйымдастырылды. Байқауға аудан бойынша 13 оқушы қатысты. Қатысушылар үшін орталықтағы М.Жоламанов атындағы «Жас суретші» сурет үйірмесінің жетекшісі Гүлім Ғиниятқызы 3D суретін салу бойыншашеберлік сағатын өткізді.

Сырымдық оқушы құранды жатқа оқу сайысында жеңімпаз атанды

 

Сырымдық оқушы Рафхат Қайыржанов ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы қазақ-вайнах «Достық» клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы Құранды жатқа оқу жарысында І орынға ие болды, деп хабарлайды Сырым аудандық орталық мешіттің бас имамы Әлішер Ералиев. Жарыс бүгін Орал қаласындағы облыстық орталық мешітте өтті.

Егіндікөлдік оқушылар жыр мүшәйрасының жүлдегері атанды

 

Астана қаласының «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жыр мүшәйрасының сырттай байқауына Қаратөбе ауданы Егіндікөл мектебінің үш бірдей оқушысы қатысқан болатын.

Ақниет «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы

 

Жуырда «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауы өз мәресіне жетті.

Ақжайықта қайырымдылық концерті өтті

 

Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылындағы Харькин мектебінің 5-сынып оқушысы Оралбек Әлбекұлы бір жыл жарымнан бері өзіне жабысқан кеселмен күресіп келеді. Мұны естіп-білген көпшілік тарапынан көмек беруге ұмтылғандар аз емес.