Аудан жаңалықтары


Қазталовта атқа міну үйірмелері жұмысын бастады

 

Былтыр Қазталов ауданы орталығында жас кәсіпкер Жоламан Есетов атқа міну үйірмесін ашты. Ол жасөспірімдерге жылқыға мінудің қыр-сырын үйретті. Осындай үрдіс биыл да жалғасын тапты.

Қаратөбелік спортшылар ел чемпионатына қатысады

 

Орал қаласында қазақ күресінен 1999-2001, 2002-2003 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионатты өтті.

Жаңақалалық оқушылар шағын футболдан облыс чемпионы атанды

 

Орал қаласында 2001-2003 жылы туған мектеп оқушылары арасында қысқы спартакиада өтіп, жаңақалалық оқушылар командасы шағын футболдан чемпион атанды.

Жас тілшілердің аудандық конференциясы өтті

 

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні» тақырыбымен жас тілшілер арасында аудандық конференция өтті.

Жәнібектік шаруалар демеуқаржы алуда

 

Жәнібек ауылдық округі бойынша өткен жылы төрт шаруа қожалығының екеуі «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында төрт бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, 600 мың теңге субсидияға ие болды. Соның нәтижесінде қожалықтардағы ірі қара малының асылдандыру жұмыстары жалғасуда.