«Мектеп асханалары сын көтермейді» дейді депутаттар
Бүгін Сырым ауданында аудандық мәслихаттың ХХХХVII сессиясы өтіп, күн тәртібінде Сырым аудандық білім беру бөлімінде ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дайыр Қадыровтың баяндамасы тыңдалды.