Аудан жаңалықтары


Ақжайық ауданының әкімі велоүйірмеге велосипед сыйлады

Ақжайық ауданында велосипед үйірмесінің ашылғанына 3 жыл. Айта кету керек, мұндай үйірме облыс бойынша тек Орал қаласы мен Ақжайық ауданында ғана қызмет етеді.

Талдыбұлақта әмбебап алаң ашылды

Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінде әмбебап спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Соған орай шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Шыңғырлау ауданында «Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастыру пилоттық жобасы басталды. Жобаның бірінші кезеңінде «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының 12 бастауыш партия ұйымының партиялық кадрлық резервіне 36 кандидат тіркеліпті. Ал 5 қарашадан бастап 36 кандидат бағдарламасын ұсынып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастады.

Қазталовта әжелер ансамблінің байқауы өтті

Қазталов ауданында әжелер ансамбльдері арасында "Ұмыт қылған қара өлең" атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – ұмыт болған дәстүрді жаңғыртып, өскелең ұрпақ бойына сіңіру.

Музейде прокуратура қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды

Қазталов аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазталов өңірінен шыққан прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды.