07 Қараша 2019
478

Қазталовта әжелер ансамблінің байқауы өтті

Қазталов ауданында әжелер ансамбльдері арасында "Ұмыт қылған қара өлең" атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – ұмыт болған дәстүрді жаңғыртып, өскелең ұрпақ бойына сіңіру.

Шарада сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымов әжелерге сәттілік тілеп, алдағы уақытта осындай тағылымды шаралар жалғасын тапса деген тілегін жеткізді. Әжелердің жауһар жырлары мен әндерін көрермен тынып тыңдады. Әсіресе, Бостандық, Қараоба ауылының әжелері дайындаған сахналық көрініс пен орындаған әндері көрерменнің көңілінен шыққаны көрініп тұрды.

Байқау нәтижесінде І орынды "Асыл әжелер" ансамблі (Бостандық ауылы), ІІ орынды "Әжелер шуағы" ансамблі иеленсе (Қараоба ауылы), ал ІІІ орын "Нұр ана" (Талдықұдық ауылы) және "Ақкөлім, әжелерім" ансамбльдеріне (Жаңажол ауылы) бұйырды.

Айта кетелік, бостандықтық "Асыл әжелер" ансамблі 20 қараша күні Орал қаласында өтетін облыстық байқауда аудан намысын қорғайды.