13 Қыркүйек 2019
52

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Бәйтерек ауданы активімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев Бәйтерек ауданының активімен «Шаңырақ» мәжіліс залында кездесу өткізді.

 

 

Ғалым Тұрсынбаев аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты. Актив жиналысына төрағалық еткен аудан әкімі Асхат Шахаров әдеп жөніндегі кеңес төрағасымен кездесудің маңыздылығын атап өтті.

 

 

- Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарымен жалпы 97 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 13 қызмет электронды, 41 қағаз түрінде, 43 қызмет баламалы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер сапасын және тұрғындардың қолжетімділігін арттыру мақсатында есепті кезеңді 200 адамды қамтыған 6 құқықтық оқыту, 1 дөңгелек үстел және 10 семинар-кеңес өткізілді.

 

 

2019 жылдың І жартыжылдығында аудан бойынша 11 327 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде 1 045, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде 3 070, электронды түрде 7 212 қызмет көрсетілді, - деді аудан басшысы.

-Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді, яғни кадрларды тұрақтандыру мәселесін қолға алу керек. Әрине аудан қалаға жақын орналасқандықтан кадр қозғалысы болуы ықтимал.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарымен жұмыс жасай білуі шарт.

 

 

Бүгінгі таңда кез келген анықтаманы смартфондар арқылы алуға да мүмкіндік бар. Мемлекеттік қызметкерлер әрдайым да бұқара халықпен диалог орнатуға бейім болуы керек. Әлеуметтік желілерде де қызметтік этика мен нормаларды сақтай отырып, ашық диалогқа түсіп отырған абзал, - деді Ғалым Тұрсынбаев.

Актив барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов сауалдарын жолдап, жауап алды.

Одан соң ауданы әкімі аппараты ғимаратындағы «Open space»-те азаматтарды қабылдау шарасы жүргізілді.