13 Қыркүйек 2019
337

Әкім ауылдардың жағдайымен танысты

Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов ауданның ауылдық округтерін аралап, жағдайымен танысты.

 

 

Сапар барысында ауыз су, көгілдір отынмен қамтылу барысын және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын бағамдап, ауыл тұрғындармен әңгімелесті. Әсіресе ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жою мәселесін ескеріп, ауылда мал, құс өсіріп, жеке қожалық құрып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін түсіндірді.

 

 

Аудан басшысы Ақтау, Ардақ округтердегі әлеуметтік нысандардың қыс мезгіліне дайындығы, жылыту қазандарының әзірлігі туралы жауапты адамдардың мәліметін де тыңдады.

 

 

Аудан әкімімен емен-жарқын әңгімелесіп, тұрғылықты жердегі өзекті мәселелерін де алға тартқан ауыл ақсақалдары жақында тағайындалған әкімнің жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.