13 Қыркүйек 2019
381

Теректіге 6 жас дәрігер келді

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов жас дәрігерлермен кездесті. Теректіге қызметке келіп жатқан 6 жас маман қазірдің өзінде қызу жұмыс жасауда. Дәрігерлердің басты алаңдағаны үй мәселесі. Оларға қызметтік баспаналар ұсынылып, уайымдары сейілді.

 

 

 

-Дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілікті іс. Сіздерге жасалатын жағдай да, артатын сенім де ерекше болғандықтан, ауданға келген жас дәрігерлердің баспана мәселесі шешіліп жатыр. Президентіміз Қ.Тоқаев өз жолдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы келер жылы да жалғасын табады деді. Аудан бойынша аталмыш бағдарлама аясында биылға бөлінген қаржы толықтай игерілді. Келер жылдан үмітті үзбей, бағдарламаның игілігін көруге ұмтылыңыздар. Бастысы жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарап, ауданымыздағы қоғамдық шараларға да белсене қатыссаңыздар екен, - деді Әділ Тауфиқұлы.

 

 

Жас мамандарды аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Досмақов, Қуаныш Шарафутдин, аудандық ішкі саясат бөлмінің басшысы Жаннұр Бекбауұлы құттықтады. Аудандық орталық аурухана директоры Зейл Мағзомов және Ақжайық ауылындағы аудандық аурухана директоры Бекзат Құбаев жас дәрігерлердің қадамына сәттілік тілед.

 

 

Жас мамандар қолдау мен сенім білдірген аудан басшылығына алғыс білдірді. Аудан әкімі естелік сыйлықтармен гүл шоқтарын табыстады.