10 Қыркүйек 2019
42

Аралтөбеде «Бір көше – бір тарих» жобасы басталды

Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық модельді кітапханасы «Бір көше – бір тарих» кітапханалық жобасы аясында тұрғындарға ауыл көшелерінің тарихын таныстыруды бастады

 

Алғашқы шара Ауған соғысының құрбаны, жауынгер-интернационалист Уалихан Базарбаевтың көшесінде өтті.

 

«Ер есімі ел есінде» атты кітапхана, мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен тақырыптық кеш Уалихан Базарбаевтың келіні Б.Базарбаева, сыныптастары Л.Шайхиева, З.Байдаулетова, көршілері Ұ.Аменова мен Ғ.Жұмағалиевтер қатысып, естеліктермен бөлісті. Шараны тамашалауға ауыл халқы көп жиналды. Мектеп оқушылары өздерінің жүрек жарды өлең жырларын арнады. А.Алмағамбетова, М.Сағынғали, М.Мергенов, С.Убанов патриоттық әндер шырқады.

Қорытынды сөз сөйлеген ауылдық округтің әкімі Әділхан Мұхитов ауыл көшелерінің тарихы мен көшелер есімі берілген тұлағаларды таныстыратын тағылымы мол шаралардың көбірек өтуіне тілек білдірді.