05 Қыркүйек 2019
28

Сырымдықтар Абай өлеңдерін оқыды

Сырым ауданы Жымпиты ауылында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты көркем сөз оқу байқауы өтті.

 

 

Аудан тұрғындары ақынның қара сөздері мен публицистикалық өлеңдерін оқудан сынға түсті. Нәтижесінде І орынды Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Зита Иманғалиева, ІІ орынды Алғабас ауылының тұрғыны Жанат Хайрошева, ІІІ орынды тамдылық Қызғалдақ Ихсанова ие болды.

Жүлдегерлер диплом және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, Сырым аудандық мектеп-лицейінің директорының міндетін атқарушы Самал Батырова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Тыныштық Ғаббасова қазылық етті.