21 Тамыз 2019
169

Бәйтеректе бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Бәйтерек ауданы орталығындағы Достық үйінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

 

-Жәрмеңкеге қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, математика, дене шынықтыру, педагог-психолог, тарих және тағы басқа мамандықтар бойынша 50-ге жуық жас маман мен жұмыс іздеп жүрген педагог қатысты.

 

Жәрмеңке барысында мамандар пән бойынша ортаға шақырылып, өздерін таныстырғаннан кейін мектеп басшылары білім ордаларына қажетті мамандарды нақтылады, - дейді аудандық білім беру бөлімі аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлжиян Хамитқызы. Айта кету керек, қазіргі таңда 30 шақты маманның сұранысы қанағаттандырылды.