02 Тамыз 2019
225

БҚО-да үш жыл ішінде 132 рет азаматтарға көмек көрсетуге шыққан

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың, Батыс Қазақстан облысы медициналық апаттар орталығы филиалының басшы-дәрігері Р.Байарыстановтың қатысуымен өткен брифингте «Чапаево» трассалық медициналыққұтқару пунктінің жұмысы талқыланды. 

 

 

Брифинг барысында Рафих Байарыстанов "Чапаево" ТМҚП-ның негізгі міндеттері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету, РКШОЖ, КШОЖ, ТСУ-ға қатысу, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу және т.б. екенін атап өтті. -2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін "Чапаево" ТМҚП қызметкерлері 132 рет көмекке шықты. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына - 104, медициналық қамтамасыз етуге – 1, басқаларға - 2, өзі жүгінгендерге - 24 рет шыққан. Сондай-ақ пункт қызметкерлері 126 адамға медициналық көмек көрсетіп, 108 адамды эвакуациялады, оның ішінде 1-еуі бала, 76 адам ауруханаға жатқызылды, – деді Р. Байарстанов. Р. Байарстановтың айтуынша, пункттің ұйымдық-штаттық құрылымы 4 фельдшерден, 2 фельдшердиспетчерден, 2 жүргізуші-құтқарушыдан, 2 санитардан және 2 құтқарушы-санитардан тұрады. Бүгінгі күні ұжым мүшелері толық. Сонымен қатар құтқарушыларда барлық қажетті жабдықтармен жарақталған реанимобиль (Hyundai County) бар. Брифинг соңында журналистер көкейлерінде жүрген сауалдарына құзырлы тұлғалардан тұшымды жауап алды