02 Тамыз 2019
67

Бәйтеректегі спорттық нысандар таныстырылды

Ауданымызға жұмыс сапарымен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының үйлестірушісі Бақытбек Хамитов келді

 

 

Сапар барысында конфедерация үйлестірушісі Бақытбек Хамитов аудан әкімі Асхат Шахаровпен бірге аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балалар ойын алаңы, «Street workout» алаңы, сондай-ақ «Бейбітшілік-келісім» саябағы нысандарының тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында Бақытбек Хамитов аудандағы жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.