02 Шiлде 2019
171

Саралжында əуесқой күйшілер мен дəстүрлі əншітермешілердің фестивалі өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында, келе жатқан "Ұлттық домбыра" күніне орай Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылында "Күмбірлі күй мен əсем əн - Ұлы халық қазаққа тəн" атты əуесқой күйшілер мен дəстүрлі əнші-термешілердің аудандық фестивалі өтті.

Сазды əуендер мекені Саралжынды əсем əнмен тəтті күйге бөлеген салтанатты шараға аудан əкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық мəдени-демалыс орталығының директоры Жоламан Сисенғалиев, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Құм Нарын қойнауында 50-ге тарта күйші күмбірлете күй шертіп, шертпе күй мен төкпе күйді шеберлікпен нақышына келтіре орындады. Мерекелік шара аламан айтысқа ұласып, ақындар суырыпсалма шеберлігімен жыр арнап патша көңілді көрерменді тəнті етті. Салтанатты шараның өтуіне Бөкей ордасы ауданының əкімдігі, аудандық мəдени-демалыс орталығы жəне Саралжын ауылдық округінің əкімі Ерлан Ермекқалиев мұрындық болды.