18 Маусым 2019
315

Ақжайықтық оқушылар көршілес Сырымға саяхаттады

 

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Ж.Молдағалиев атындағы орта мектеп жанындағы «Шаттық» демалыс лагерінде жаз қызығы мол.

 

 

Жуырда 1-4 сыныптан 40 оқушының бір күні көршілес Сырым ауданының орталығында өтті. Үлкен ауылға ажар беретін демалыс орындарымен қатар шәкірттер барлық тарихи, мәдени-рухани орындар, ғимараттар да болды.

 

Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіндегі көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлиге арналған жеке зал, шайырдың жеке  заттары, басқа да залдардағы халқымыз ежелде тұтынған заттар, киімдер, археологиялық экспонаттар, жәдігерлер балаларды таңғалдырды.

 

Қазақтың даңқты батыры Сырым Датұлы саябағына және «Алаш» саябағында ерлік дәрістері өтті.

 

Балалардың осы саяхатқа барып келуіне демеушілік көрсеткен Б.Бақтығалиұлы, Т.Елеубаев, Қ.Жұбаншалиев сынды ауылдастарға зор ризашылық арналды.