12 Маусым 2019
183

Бәйтеректік үздік түлектерге «Алтын белгі» табысталды

 

Бүгін Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде білім додаларында топ жарған үздік мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков бастаған бөлім басшылары, ұстаздар, ата-аналар және түлектер қатысты.

 

 

- Бүгін аудан үшін қуанышты күн. Оған себепкер болып отырған «Алтын белгі» иегерлері. Сіздер тек ауданымыздың ғана емес, елдің мақтанышысыздар. Алдағы уақытта елдің елдігін көрсетіп, айбынын асқақтатып, көк туымызды биікке желбірететін де сіздер. Сіздерді ұстаздар білім нәрімен сусындатып, ата-аналарыңыз барлық білген-түйгендерін үйретті. Енді сол білім-біліктеріңізді үлкен өмірде кәдеге жаратып, елдің аяулы азаматтары болуларыңызға тілекшіміз, - деді аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы.

 

 

Аудан басшысының орынбасары мектеп түлектеріне «Алтын белгі», ал олардың ата-аналарына аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.