12 Маусым 2019
23

Үздік оқушылармен кездесті

 

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерімен кездесті.

 

 

2018-2019  оқу жылында 11 оқушы «Алтын белгі» иегері, 11 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Аудан басшысы жас түлектерге әрдайым туған жердің абыройын асқақтатып жүріңдер деген тілегін білдіріп, белгілерін табыс етті. Жас түлектердің ендігі арманы - ҰБТ-дан жоғары балл жинау.

 

«Алтын белгі» таққан түлектер арасында Ерасыл Нағым (Абай мектебі), Ақбота Джанұзақова (Бұлдырты мектебі), Ақнұр Джонысова (Бұлдырты мектебі), Айбынды Төлеу (Жырақұдық мектебі), Аслан Нәсіпқали (Жырақұдық мектебі), Ералхан Кәрім (Қособа мектебі), Еркебұлан Қайырғалиев (Қособа мектебі), Альбина Закина (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп), Малика Ералиева (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп), Ақнұр Мағрашева (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп), Нұрберген Қуандық (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп) бар. Ал Дария Хамидуллина, Альбина Ергужиева,  Аружан  Кәрімова,  Нурия Камалиева (Қ.Мырзалиев атындағы мектеп), Жұпархан Қабекен,  Гүлден Сағидоқас (Бұлан мектебі), Зарина Рысқалиева (Бұлдырты мектебі), Мадина Аймұратова, Әлия Серік (Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп),  Айша Габлахова, Әсемгүл Жұмашева (М.Қаналиев атындағы мектеп) «Үздік аттестатқа» ие болды.