10 Маусым 2019
57

Ақсайда сұйық азот шығаратын зауыт ашылды

 

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында «RT Alliance» ЖШС компаниясы сұйытылған азот шығаратын зауытты іске қосты.

 

 

Жоба аймақтық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Зауыт Қарашығанақ кен орына 40 жыл толуына орай, ҚПО компаниясының «Жергілікті қамту» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жобаны іске асыру үшін 1 млн. АҚШ долларына инвестиция тартылған.

 

 - Біз осы арқылы азот импортына тәуелділіктен арылатын боламыз. Бұл зауытта сағатына 500 литр сұйық азот өндірілмек. Осы қарқынмен өзіміздің жергілікті мұнай өндіретін кәсіпорындарды сұйық азотпен түгелдей қамтимыз деген ойдамыз,-дейді «RT Alliance» ЖШС компаниясы директоры Талғат Қазиев.

 

Зауыттың лентасын аудан әкімі Санжар Әлиев пен «RT Alliance» ЖШС компаниясы директоры Талғат Қазиев қиды.

 

Сұйық азот өндіретін зауытты Санжар Жұматайұлы іске қосты.