27 Мамыр 2019
104

Сырымда шағын футболдан турнир өтті

 

Сырым ауданы Жымпиты ауылында футболдан «Ақбидай» облыстық спартакиадасының жеңімпазы, облыстық жарыстың «Ең үздік қорғаушысы» болған Жасұлан Қайыржанұлы Сапарғалиевті еске алуға арналған турнир өтті.

 

 

Ашық турнирге 2004-2005 жылы туған жасөспірім мен 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынға Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ІІ орынға Сырым мектебі, ІІІ орынға Қ.Мырзалиев атындағы мектеп командасы ие болды.

 

Үздік ойын көрсеткен ойыншылар марапатқа ие болды. Тимур Маратов пен Арсен Мұратов «Үздік қорғаушы», Сағындық Амантаев «Үздік техникалық ойыншы», Әскер Наурызбаев «Үздік қақпашы», Керей Қайыржанов «Сұрмерген ойыншы», Нұрасыл Сайлау мен Мәдениет Мәдиұлы «Үздік шабуылшы», Азамат Тілекбай «Үздік ойыншы» атанды.

 

Айта кетейік, жарысқа Жасұлан Сапарғалиевтің достары демеушілік етті.