16 Сәуiр 2019
113

«Қазақстан барысы»: Қаратөбеде жеңімпаз анықталды

 

Қаратөбе ауданының орталық алаңында ашық аспан астында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңі мәреге жетті.

 

 

Спорттық шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Жанат Асантаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестігін жеткізді.

 

Барлық ауылдық округтерден қатысушы балуандар боз кілемде бақтары мен баптарын қатар сынады. Тартысқа толы жарыста боз кілем саңлақтары мықтылықтарын дәлелдеді.

 

Боз кілемде «Өгіз палуан» атағы үшін 9 балуан қатысып, төл күресімізді шебер меңгергендіктерін көрсете білді. Жарыс нәтижесінде қаратөбелік Табиғат Мағауияұлы қарсыластарына дес бермей «Өгіз палуан» атанды. ІІ орынды Роман Майланов (Қаратөбе ауылы), ІІІ орынды жусандыойлық Мағжан Серіков еншіледі.

 

Ал «Түйе палуан» атануға 7 палуан ниет білдірді. Аталмыш турнирдің аудандық кезеңінде қарсыластарын түгел тізе бүктірген қаратөбелік балуан Сержан Оқасов І орынды иеленді. ІІ орынға Роман Сыдықов (Саралжын ауылы) тұрақтаса, ІІІ орынды Думан Мүтіш (Қаратөбе ауылы) қанағат тұтты.

 

«Қазақстан барысы» турнирінің  аудандық кезеңінің қорытындысында аудан әкімі Жанат Асылханұлы  балуандарды жеңісімен құттықтап дипломдар табыстады.