16 Сәуiр 2019
61

Сырымда қол күресінен біріншілік өтті

 

Сырымда «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» мен «Сырым жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Қайсар» спорт клубы және «Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің» қолдауымен жастардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстау мақсатында қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында аудан біріншілігі өтті.

 

 

«Армспорт» деген атаумен дүниежүзіне танымал спорт түріне бүгін ауылдық округтерден келген жастар қатысып, бақтарын сынады.

 

Жарыс қорытындысында ерлер арасында 40 кг дәрежесінде Жәдігер Рүстем, 55 кг салмақта Мейрамғали Хазалиев, 70 кг салмақта Сайлан Сапарғалиев қарсылас шыдатпады.

 

Ал әйелдер арасында 40 кг салмақта Ұлпан Ихсанова, 55 кг салмақ дәрежесінде Гауһар Рустамова, ал 70 кг салмақта Дильназ Абунагимова жеңімпаз атанды.