27 Наурыз 2019
348

Қаратөбелік жастар ағылшын тілін үйреніп шықты

 

Осыдан екі ай бұрын «ENGLISN  FOR  JASTAR» жобасы аясында Мұхит атындағы орта мектебінде ағылшын тілін оқыту курсы өз жұмысын бастаған еді. Міне, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен бастау алған жобаның алғашқы қарлығаштар - 26 тыңдаушы ағылшын тілінің толық курсын аяқтап, сертификатын алып шықты. 

 

Тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов пен курсқа дәріс беруші  Әсия Қуанышкерейқызы жүргізді.

 

Салтанатты шарада сөз алған Нұрлан Жақанұлы қазіргі цифрлы технология қарқынды дамып жатқан заманда ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды сертификат алуларымен құттықтады.

 

Әсия Сұлтангерееваның айтуынша, курсты аяқтаған оқушылардың алтауы - биылғы жылы алтын ұя мектебінен үлкен өмірге қанат қаққалы отырған  мектеп түлектері.

 

Шараны қорытындылаған Нұрлан Жақанұлы еріктілер қатарында туған жері Қаратөбедегі өзі білім алған мектебінің жоғары сынып оқушыларының ағылшын тілін жіті меңгеруіне елеулі үлес қосқан «Алтын белгі» иегері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 4 курс студенті Әсия Қуанышкерейқызына курсқа қатысушылар атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.