20 Наурыз 2019
462

Елбасы – Қазақ елінің көшбасшысы

 

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Елбасымыз 30 жылға жуық ел басқарған уақытында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған Назарбаев дәуірі болды. Бізді бүкіл әлем мойындап, Қазақстан Республикасы деген ел болдық.

 

 

Елбасымыздың арқасында жаңа Астана бой көтерді. Жас мемлекетіміз жылдан-жылға дамып, экономикамыз өрлей түсті. Бейбітшілік пен тұрақтылық арқылы болашаққа нық қадам бастық. Көршілес мемлекетттермен жүргізген салиқалы саясаты арқасында өзара досытқпен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатты. Қазақ елін басқарған тұңғыш Президентімізге мәңгілік бас иеміз.

Қазақстанда тұңғыш рет «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуіне де зор ықпал етіп, жағдай жасаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Болашақта Елбасымыз тұрғызып берген жас мемлекетімізді одан әрі дамыта беруге бәрімізде бір кісдей жұмыла кірісуіміз қажет.

 

Шыңғыс Ромашев,

Бәйтерек аудандық

«Ауыл тынысы» газетінің тілшісі