15 Наурыз 2019
173

Қаратөбедегі қайырымдылык дүкені 200 отбасыға көмек көрсетті

 

Қаратөбе ауданы жастарының бастамасымен «Мейірімді көктем» акциясы аясында «Қайырымдылық дүкені»  жұмысын жалғастыруда.

 

 

Қаражатты қажет етпейтін сауапты іс былтыр бастау алды. Өткен жылдан бері аудан бойынша 200-ге жуық отбасына киім-кешекпен көмек көрсетілген.

 

– Өткен жылы ұйымдастырылған шара биыл да жалғасын тапты. Қайырымдылық дүкені 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне дейін жалғасатын болады. Бүгіннің өзінде әкелінген киімдер аз қамтылған жанұяларға таратылып берілді. Аудан тұрғындарынан өздерінің пайдаланғысы келмеген бүтін киімдері болса осы қайырымдылық дүкеніне тапсыруын сұраймыз, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Элдар Ниязбекұлы. 

 

Қайырымдылық шаралар мұнымен шектелген жоқ. Аққозы ауылдық округіндегі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Құсайын Мұқанов аудандағы 10 отбасыға 25 000 теңгенің наурыз қоржынын табыстады.