15 Наурыз 2019
197

Жәнібекте баскетболдан ашық турнир өтуде

 

Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай мекемелер арасында баскетболдан ашық турнир өтуде.

 

 

Турнирге аудан әкімдігі қолдау білдіріп, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырды.

 

Оған аудан әкімдігінің, №1 мектеп-лицейінің, Т.Жароков атындағы мектеп, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, түрлі мекеме қызметкерлерінің «Шекара», «Колледж», «Аграршылар», «Достар» және «Жалын» командалары қатысуда.

 

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир қорытындысын хабарлайтын боламыз.