05 Наурыз 2019
597

Ақжайықта облыстық семинар өтті

 

 

 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау – заманның бір зор талабы. Ақжайық ауданында оның пилоттық жобасы жүзеге асырып жатқан Мерген мектебінде «Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтар негізі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Оған аудандардан әдіскеркерлер, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

 

         Шара барысында мысалы, 10-сыныпта өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген «Тұздар гидролизі. № 3 практикалық жұмыс» химия сабағы, 7-сыныпта «Туған үй - cүйіспеншілік бастауы» тақырыбында дәріс өткізілді. Басқа да сабақтар ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның өзін-өзі тану мұғалімі Гүлнәр Иманғалиева сыныптан тыс жұмысынан шеберлік сағатында «REАDх» жобасы негізінде оралдық ақын Дариға Мұштанованың «Аңыз болған абысындар» кітабының құндылығы жайында айтты. Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Фарида Иштаева аталған бағдарламаның психологиялық-педагогикалық негіздері туралы баяндады.

 

         Мерген мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Салтанат Қажығалиева «Білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген қосымша білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді.