04 Наурыз 2019
482

Сырымдық балуан ел чемпионы атанды

 

Сырымдық балуан Бейбарыс Нұрәлиев Ақтау қаласында самбодан өткен ҚР Чемпионатында І орын алып, 65 келі салмақ дәрежесі бойынша жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанды. Осы жарыста сырымдық Құсайын Ерболатов 70 келі салмақта қола жүлдеге ие болған.

 

 

Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Мәулет Қожахметовтың айтуынша, Бейбарыс Нұралиев чемпиондыққа дейінгі жолды лайықты жүріп өтіпті. Аудандық спорт мектебінің күрес үйірмесінде жаттыққан жас балуан бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресей елінің бозкілемінде де мықты балуан ретінде танымал. Дзюдодан өткен Саратов қаласының ашық кубогында ІІІ орын, осы қалада өткен бүкілресейлік дзюдо турнирінде ІІІ орын, Магнитогорск қаласында өткен аймақтық дзюдо турнирінде ІІ орын, Ресейдегі А.Невский атындағы олимпиада резервтерін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған XXXIV халықаралық дзюдо турнирінде ІІ орын, Набережные Челны қаласында өткен дәстүрлі жеке ХХХІ «Призы КАМАЗА» турнирінде І орын, Балаковск АЭС бүкілодақтық комитетінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде І орын алған.

 

Жақында самбодан жасөспірімдер арасындағы ҚР Бейбарыс Нұралиев пен жаттықтырушысы Мәулет Қожахметовты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдады. Қабылдауға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов қатысты.