01 Наурыз 2019
796

Полиция бөлімінде фронт-офис жұмыс жасайды  

 

 

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінде фронт-офис ашылды. Қазір кесте бойынша күн сайын полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік жасап, құқықтық консультация береді.

 

Фронт-офисте өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік мол.

 

Бұл халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады.

 

Жыл басынан бері қабылдау өткізген полиция аға лейтенанты Жанаргүл Ғарифоллақызына 20 адам кеңес алу үшін жүгінген.