01 Наурыз 2019
647

Бөрліде дзюдошылар сынға түсті

 

Дзюдо күресінен Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесіне арналған 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

 

         Турнирге Қазталов, Ақжайық, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау мен Бөрлі ауданы, Орал қаласы, Ақтөбе облысы, РФ-ның Орынбор облысынан 230-дан астам спортшы қатысты.

 

         Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі, жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Е.Айсағалиев және БҚО дзюдо федерациясының атқарушы директоры, жарыстың бас төрешісі Н.Түменовтер сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Сайыс қорытындысында жекелей сында Жанболат Назарбаев, Нұрлан Исатаев, Талғат Кеңесов, Асылхан Адиетов, Дастан Мерей, Арсен Айсағалиев, Мерлан Шукаев, Амир Давлетжанов, Сахиб Черкезли, Ермахан Нұрланұлы жеңімпаз атанды.

 

         Жалпы командалық есепте І орынды Бөрлі ауданы иеленді. Жүлделі ІІ орынға облыстық мамандандырылған мектеп интернаты командасы табан тіресе, үздік үштіктің қатарын Бөрлі ауданының тағы бір командасы аяқтады.