20 Ақпан 2019
358

Жәнібектік шаруалар демеуқаржы алуда

 

Жәнібек ауылдық округі бойынша өткен жылы төрт шаруа қожалығының екеуі «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында төрт бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, 600 мың теңге субсидияға ие болды. Соның нәтижесінде қожалықтардағы ірі қара малының асылдандыру жұмыстары жалғасуда.

 

Мал басын субсидиялау шараларына үш шаруа қожалығы қатынасып, оларға 3 млн. 110 мың теңге демеуқаржы төленді. Қой малын тұқымдық түрлендіруде асыл тұқымды қошқарлармен қамтылған «Ержан» шаруа қожалығы 500 бас саулыққа 750 мың теңге, тұрғындардың жеке табынына қосуға 16 бас асыл тұқымды бұқа сатып алғаны үшін 1 млн. 600 мың теңге демеуқаржыға қол жеткізді. «Сырымбет» және «Ержан» ШҚ «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында жайылымдарды суару және мал шаруашылығын су көзімен қамтамасыз ету мақсатында 3 млн. теңгеге және 1 млн. 192 мың теңге субсидия алды.