29 Қантар 2019
845

Жастар «Сырым батыр» жырын жаттауда

 

Елбасының Жолдауында жастар мен отбасы институтын, жастардың барлық санатын қолдау мақсатында 2019 жылы «Жастар жылы» деп жарияланды.

Мектеп оқушылары арасында сырымдық Жәрдем Тілековтың «Сырым батыр» дастанын жатқа оқудан алғаш рет аудандық жыр байқауының өтетін күні белгіленді. Сырым аудандық білім беру бөлімі мен «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігі және Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға сырымдық оқушылар мен жастар жырды жарыса жаттауда.

 

Айта кетейік, «Сырым батыр» жырын Жәрдем Тілеков 1945 жылы Хабаровскіде жазған.