16 Сәуiр 2019
139

2018 жылғы құқыққорғау қызметінің нәтижелері жөнінде статистика

 

2018 жылы 99 қылмыстық іс тіркелді.

119 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 84 қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды, сотқа 38 қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сотқа жіберілген барлық қылмыстық істер бойынша кінәлі адамдар сотталды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша 1,5 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген зиян өтелді, 500 млн. теңгеге көлемінде мүлікке тыйым салынды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында көлеңкелі экономиканы қысқарту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Осылайша ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған бірқатар қылмыстар анықталды.

 Департамент заңсыз ойын мекемелерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

Департамент қабылданған шаралардың нәтижесінде 20-дан астам заңсыз ойын мекемелері жабылды. 7 қылмыстық іс бойынша қылмысты ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Көптеген ойын автоматтары мен жабдықтар алынып, тәркіленді.

Жалған ақша жасау, белгілі болғандай, ақша-несие жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді. Цифрлық технологиялардың дамуы нарықта жеткілікті қол жетімді принтерлердің пайда болуына алып келді, бұл жалған ақша, немесе бағалы қағаздар жасаудың сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан Департамент қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, криминалистік бөлімшелердің техникалық жабдықталуына және әдістемелік жұмыстарды жетілдіруге ерекше назар аударады.

2018 жылдың қаңтарында департамент қызметкерлері облыс аумағында алаяқтық және азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, әртүрлі тауарларды сатып алып, 20 000 теңге номиналындағы жалған банкноттармен (сериясы және АА 0000000) төлемдер жасап жүрген қылмыскерлер тобын ұстады. Кінәлі адамдар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2018 жылы көлеңкелі айналымнан 500 млн. теңге сомасында жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 518 мың бөтелке арақ-шарап өнімдері және жалпы сомасы 5 млрд. теңгеге 14 млн. қорап сигарета тәркіленді.

Көлеңкелі экономиканы қолдаудың негізгі көздерінің бірі - мемлекеттік сатып алудың шеңберінде заңсыз алынған бюджет қаражаты. Қаржылық құқықбұзушылықтардың жоғары деңгейі мемлекеттік сатып алу саласында көбірек байқалады, мемлекеттік қаражат тиімсіз пайдаланылады және олар көлеңкелі секторға шығарылады.

2018 жылы бюджеттік сектор бойынша 33 қылмыс тіркелді, соның ішінде, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша - 8 қылмыс, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 7 қылмыс, 1- «Бизнестің жол картасы 2020», «Өңірлерді дамыту» - 1, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламалары бойынша – 1, және т.б. Зиянның жалпы сомасы 210 миллион теңгені құрады.

 

БҚО боынша МКД ЭТҚ