25 Ақпан 2019
170

Батыс Қазақстан облысының 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 823,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 96,5% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі саласында – 740,3 млрд. теңге, 94,9%;

өңдеу саласында – 61,1 млрд. теңге, 120,6%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 19,4 млрд. теңге, 102,2%;

сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3,0 млрд. теңге, 122,4%.

Газ өндіру көлемі 6903,4 млн. текше метр құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,0%-ке аз, газ конденсаты – 4087,1 мың тонна немесе 5,8%-ке аз.

Дайын металл өнімдердің өндірісі 4307,9 млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,9 есеге көп. Диірмендерге арналған құйылған ұнтақтағыш шарлар мен ұқсас бұйымдар – 10,5%-ке, құрама құрылыс металл конструкциялар өндірісі 2,2 есеге көбейді.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8027,8 млн. теңге құрады, бұл 14,9%-ке көп. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер – 6,6%-ке, легірленбеген (көміртегі) болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі 1,8 есеге көбейді.

Машина жасау саласында 14086,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 1,5 есеге көп.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 8096,8 млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 28,7%-ке көп.

Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 34,1%-ке өсіп, 3820,6 млн. теңге құрады. Тауарлы бетон өндірісі 2,7 есеге ұлғайды.

Тамақ өнімдері 17807,2 млн. теңгеге өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 2,2%-ке көп.

Жаңа піскен нан өндірісі - 1,1%-ке, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері – 1,7%-ке, өңделген сұйық сүт және кілегей – 24,7%-ке, шұжық және ет өнімдерінен алынған ұқсас өнімдер 2,0 есеге өсті.

Ірімшік пен сүзбе өндірісі – 36,6%-ке, дәнді дақылдардан және өсімдіктен алынған ұн – 29,1%-ке, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 8,7%-ке, ет және тағамдық қосымша өнімдері – 8,2%-ке, қалбырдағы ет 3,0%-ке азайды.

2019 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 275 жұмыс орын құрылумен 7,1 млрд. теңгеге 5 жоба іске асырылды, соның ішінде:

  1. Бордақылау кешеніне арналған 5000 гектарлы жем базасын құру («Central Feedlot» ЖШС). Құны – 2334 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 28500 тонна. Жұмыс орны – 20;
  2. Қуаты 35-500 кВ трансформаторларға арналған панельдік радиатор өндірісі («Орал трансформатор зауыты» ЖШС). Құны – 3887,8 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 3000 тонна. Жұмыс орны – 115;
  3. Кірпіш зауытының құрылысы («134» ЖШС). Құны – 455,2 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 20 млн. дана. Жұмыс орны – 70.
  4. Шағын кемелер өндірісін кеңейту және жаңарту («Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ). Құны – 300 млн.теңге. Қуаттылығы – жылына 12 кеме. Жұмыс орны – 55;
  5. Ауыз су өндіретін цехтың құрылысы («Феррум Контракт» ЖШС). Құны – 120 млн.теңге. Қуаттылығы – сағатына 2000 бөтелке. Жұмыс орны – 15;

Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 128,9 млрд. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті деңгейінен 36,9%-ке көп.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 2,3 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 34,4%-ке аз.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 1,4 млрд. теңге құрады немесе 6,3%-ке аз.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 96,1% тиесілі немесе 123,9 млрд. теңге, бұл 40,0%-ке көп.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 1,0 млрд. теңге (2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,7 есеге көп), қарыздар есебінен 0,3 млрд. теңге құрады (8,7 есеге көп).

152,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 4,6%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,1 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 20,8%-ке көп.

Көлік. 11,0 млн. тонна жүк және 135,5 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2018 жылдың қаңтар-сәуіріне сәйкесінше 100,0% және 100,0%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21,6 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылдың қаңтар-сәуір деңгейіне 102,1%.

24,5 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2018 жылдың қаңтар-сәуір деңгейіне 103,8%, сүт – 40,1 мың тонна (101,1%), жұмыртқа – 55,6 млн. дана (97,7%).

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -5,3%-ке (оның ішінде сиыр – 4,9%-ке), жылқы – 7,9%-ке, құс 1,5%-ке көбейді.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 100,4 млрд. теңге, 2018 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,8% құрады.

Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 101,6% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,8%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,1%-ке өсті. Тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері – 1,0%-ке, алкогольсіз сусындар – 1,8%-ке, макарон өнімдері – 2,6%-ке, жармалар – 4,2%-ке, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 4,4%-ке, нан – 10,3%-ке, ұн – 13,0%-ке, жемістер және көкөністер бағасы 16,2%-ке қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 101,4% құрады. Қатты отын – 0,6%-ке, тұрмыстық бұйымдар - 0,9%-ке, жеке пайдалануға арналған тауарлар - 1,6%-ке,  фармацевтикалық өнімдер - 2,2%-ке, үйге қажетті заттар - 2,3%-ке, киім және аяқ киім - 2,7%-ке, автокөліктер - 4,6%-ке, шыны және қыш бұйымдар - 4,7%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар - 4,8%-ке, асханаға қажетті құралдар бағасы 5,3%-ке қымбаттады. Дизель отыны - 0,9%-ке, бензин 5,2%-ке арзандады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 98,7% құрады. Табиғи газға тариф 3,5%-ке, салқын суға – 4,3%-ке, ағынды суларға – 8,1%-ке, электр энергияға – 10,0%-ке, қоқыс шығаруға – 10,2%-ке, ыстық су және орталықтан жылытуға 10,3%-ке, жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы 1,4%-ке арзандады. Құқықтық және сақтандыру қызметтері – 5,0%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі – 7,6%-ке, амбулаториялық қызметтер – 10,8%-ке, медициналық қызметтер бағасы 22,3%-ке қымбаттады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 41,7 мың бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 7,8%-ке көп.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 113,5 мың адамды құрады немесе 2018 жылдың 1 қаңтардағы деңгейінен 0,3%-ке көп.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1435 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейіне 93,5%.

2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1618,7 млрд. теңге қарастырылды, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1477,7 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 94,0 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге.

2019 жылдың 1 мамырына БҚО бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеге 41 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 4,8 млрд. теңге қарастырылды.

Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 122,1 млрд. теңге жиналды (болжамға 101,5%), бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір деңгейінен 36,1%-ке көп.

Республикалық бюджетке түсімдер 94,9 млрд. теңгені құрады (болжамға 100,5%), бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір деңгейінен 59,1%-ке көп.

Жергілікті бюджетке 27,2 млрд. теңге түсті (болжамға 105,4%), бұл 9,5%-ке аз.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 223,5 млн. теңгеге азайып және 2406,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1575,6 млн. теңге (378,9 млн. теңгеге аз), жергілікті – 831,1 млн. теңге (155,4 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы. 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 5941 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,8% құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 0,1 пайыздық пунктке төмен.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 3387 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 546, өнеркәсіпте – 28, құрылыста – 321, көлік және қоймалауда – 83, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 179, білім беру – 66, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 11, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 723, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 1430. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 1805 (53,3%) – ауылдық жерде.

6213 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2360 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 490 адам жолданды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 390 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 629 адам орналастырылды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 426 адам.

Кедей отбасылардың саны 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4761 отбасыны құрады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 160 212 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 9,7%-ке көп.

Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 391 мектепті құрады (102945 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 387 (102861 оқушы), мемлекеттік емес – 4 (88 оқушы). 381 күндізгі мектеп (101948 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (300 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (613 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 204 балабақша, 58 «мектеп-балабақша» кешені және 245 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,4 мың бала немесе 78,9% 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

51 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 54,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 53,2% құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 124 отбасында 181 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 18,6 мың адам оқитын 36 бірлік құрайды, соның ішінде 26 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2019 жылғы бюджеті 66,1 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15088 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Денсаулық сақтау. 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.

Облыста 1687 дәрігер және 6306 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3625 бюджеттік кереует орын бар.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімі (1000 мың тірі туылғанға) – 48,3%-ке, туберкулезден өлім (100 мың тұрғынға) – 25,0%-ке, туберкулезбен ауру (100 мың тұрғынға) 4,8%-ке төмендеді. 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде ана өлімі уақиғасы тіркелмеді.

Денсаулық сақтау саласының 2019 жылғы бюджеті 4,3 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 1,1 млрд. теңге.

Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 717 нысан құрайды, соның ішінде 377 кітапхана, 269 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 7 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығырмашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2019 жылғы бюджеті 7,4 млрд. теңгені құрайды.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1630 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 16 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1034 жазықтық ғимарат, 150 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2019 жылғы бюджеті 4,7 млрд. теңгені құрайды.