21 Қантар 2019
389

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2018 жылы атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

         

          Мемлекеттік органдармен және бағынысты ұйымдарға (сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жүктелген мақсаттармен міндеттерге қол жеткізу, бюджеттік, мемлекеттік мүлік туралы және мемлекеттік сатып алу туралы және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларын сақталуы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкіміне тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну, мемлекеттік органдары қызметін және мемлекет активтерін, бюджеттік қаражатты басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынбалармен ұсыныстар дайындау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты болып келеді.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің  штаттық саны 2 бірліктен тұрады (толықтылық 100% құрайды).

 

2018 жылы 13 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 2905,6 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 534,4 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 27,7 млн.теңге қаржылық, 506,7 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

 

Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 13 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды.

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қатысты жүргізілген аудиторлық іс-шаралардын нәтижесінде, міндеттемелерін толық орындамаған қаржы алушыға толық көлемде қаржы аудару фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне мәлімет жолданды. Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысында қылмыстық құрамның белгілері болмауы туралы жауап алынды.

 

Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне әкімшілік жауапкершілігі белгілері бар бұзушылықтары бойынша 12 мәлімет жолданды: мемлекеттік сатып заңнамасын бұзу туралы - 9, бухгалтерлік есеп жіне қаржылық есептілік заңнамасы – 2 (3 факт), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасын бұзу – 1 (ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындамау).

 

Қабылданған шешімдерді қарау нәтижесінде шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып олар жүзеге асырылды, тәртіптік жазаға бақылау объектісінің 11 лауазымды тұлғасы тартылды.

 

Аудит объектісінде жүйелі түрде жол беріліп, келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктер анықталған:

  • мемлекеттік сатып алу;
  • жалақыны есептеу;
  • негізгі құралдармен қорларды есепке алу, сақтау және есептен шығару;
  • бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру (есептерді негіздеу);
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • сыйақы төлеу кезінде үнемделген қаржының көлемін дұрыс анықтамау;

 

Аудитпен  анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері, бөлімше басшыларының тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары  біліктіліктерінің төмендігі, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.

 

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті, мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үнемі оқып білуге, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.

 

2018 жылы ішінде ішкі аудит қызметімен аудит объектілері және олардын бағынысты мекемелері қызметінін ішкі процесстеріне (бизнес процестерге), басқа объектілерде бұзушылықтардын болу тәуекелін болдырмау мақсатында талдау жүргізіліп және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасын жетілдіру мақсатында тиісті ұсыныстар дайындалды. Бұл ретте мемлекеттік аудит объектілеріне 11 хат (соның ішінде қызметтік жазбалар), Қазақстан Республикасы Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне 4 ұсыныс жолданды.

 

Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу қағидадарымен, жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерімен жалпы стандарттарды, рәсімдік стандарттарды және Қағидаларды сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі мемлекеттік аудит комитетінін аумақтық бөлімшелерімен қадағалау жүргізу көзделген. 2018 жылы ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметімен стандарттармен қағидаларды бұзу жөніндегі фактілер тіркелмеген.

 

 ІАҚ