04 Желтоқсан 2018
290

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді


Ағымдағы жылдың 23 маусымында облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановтың төрағалығымен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды уақтылы аударуын қамтамасыз ету және жалақы берешектерін өтеу мәселелері бойынша бойынша дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді.


Осы дағдарысқа қарсы штабтың отырысында кәсіпорындарда қордаланған, соның ішінде атқарушылық өндірісі қозғалған кәсіпорындардағы жалақы берешегінің сұрақтары мен жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудару мәселелері қаралды.


Атқарылған жұмыстардың және тексеру шаралардың нәтижесінде, соңғы үш жылда 647 мекемеде 807,1 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешектері өтеліп, 7114 қызметкердің құқықтары қорғалды.


Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға барлық берешектердің алдын алу,  берешектерді өтеу бойынша тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету тапсырылды.