15 Сәуiр 2019
150

Эпидемиялық ахуал

 

БҚО – 2019 ж. 3  айындағы санэпидахуал туралы

 

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша төменгідей мәлімдейді.

2019 жылдың 3 айында А жіті вирусты гепатитінің 1 оқиғасы тіркелді, алғаш анықталған созылмалы вирустық гепатиттермен аурушаңдық былтырғы жылмен салыстырғанда 8 оқиғаға  жоғары тіркелген (2019 ж.- 75 оқ,2018 ж. -  67 оқ.).

2019 жылдың 3 айында  сальмонеллездің 11 оқ. тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 оқиғаға жоғары тіркелді (2018 ж. – 10 оқ.). Есепті кезеңде жіті ішек жұқпалары тобы бойынша аурушаңдық 45 оқ. құрады., (2018 ж. -  92 оқ.). Қызылшаның 28 расталған оқ. тіркелді. (2018 ж. 3 айында қызылша оқиғалары тіркелген жоқ).Облыста күл, полиомиелит, сіреспе, қызамық оқиғалары тіркелген жоқ.Жіті вирусты респираторлы жұқпамен аурушаңдылық19,3% - ға төмендеген.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпиджағдайы тұрақты. Оба, құтыру, тырысқақ, сібір түйнемесі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия аурушаңдығы оқиғалары тіркелген жоқ.  Ал, бруцеллез ауруының - 8 оқиғасы тіркелді, аурушаңдық былтырғы жылмен бір деңгейде, сонымен қатар белсенді туберкулез аурушандығының  75 оқиғасы тіркелді.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартқа сәйкес емес тамақ өнімдерінің үлес салмағы – 6,9 % (2018 ж. – 6,9 %), сүт және сүт өнімдері 0 %, (2018 ж. – 0 %).

 Ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздігі 3,5 % құрады (2018 ж. – 3,1 %).

Санитарлық ережені және медициналық қызметті атқару саласындағы заңдылықтарды бұзғандығы үшін барлығы 260 айыппұл салынып, 128 тұлға жұмыстан шеттетілді.

 


 

БҚО - 2018  жылдағы санэпидахуал туралы

 

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша төменгідей мәлімдейді.

 

2018 жылдың 12 айында жіті вирусты гепатит А аурушаңдығының 12 оқиғасы тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 оқиғаға жоғары (2017 ж. – 8 оқ.),  В вирусты гепатиті аурушаңдығының 3 оқиғасы(2017 ж. – 2 оқ.), С вирусты гепатиті аурушаңдығының 2 оқиғасы тіркелді(2017 ж – 0 оқ.).  Созылмалы вирусты гепатиттермен аурушаңдылықтың  көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда  15, 5 % төмен (2018 ж. - 234 оқиға, 2017 ж. - 272 оқиға) тіркелген.

 

Сальмонеллезбен аурушаңдылықтың 77 оқиғасы тіркелді, көрсеткіш  былтырғы жылмен салыстырғанда 8 оқиғаға жоғары (2017ж.- 69 оқ.), жіті ішек жұқпасы аурушаңдылығының 288 оқиғасы тіркелді(2017ж.- 275 оқ.), көрсеткіші былтырғы жылдың көрсеткішінен  1,04 көрсеткішіне жоғары тіркелген. Облыста күл, полиомиелит, сіреспе, қызамық, қызылша оқиғалары тіркелген жоқ. Жіті вирусты респираторлы жұқпамен аурушаңдылық 8,07 % төмендеген.

 

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпиджағдайы тұрақты. Оба, құтыру, тырысқақ, сібір түйнемесі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия аурушаңдығы оқиғалары тіркелген жоқ.  Ал, бруцеллез ауруының - 51 оқиғасы тіркелді, былтырғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 26 жағдайға төмен  тіркелген (2017 ж.- 77 жағд.),  бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның - 6оқиғасы (2017 ж.- 12 жағд.) тіркелді. Белсенді туберкулез аурушандығының  310 оқиғасы тіркелді.

 

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартқа сәйкес емес тамақ өнімдерінің үлес салмағы – 4,8 % (2017ж. –4,47 %), сүт және сүт өнімдері 3, 15 %, (2017ж. – 3,44%).

 

Ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздігі 2,0 % құрады (2017ж. – 2,1%).

 

Санитарлық ережені және медициналық қызметті атқару саласындағы заңдылықтарды бұзғандығы үшін барлығы 785 айыппұл салынып, 284 тұлға жұмыстан шеттетілді.