11 Қантар 2019
557

Жаңақалада тарихи-танымдық кітаптың таныстырылымы өтті

 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов іссапармен Жаңақала ауданына болды.

 

 

         Сапар барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында жарық көрген «Қамыс-Самар-Жаңақала: өткені мен бүгіні» атты тарихи-танымдық кітаптардың тұсау кесер рәсіміне қатысты.

         Халықаралық жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғалидың ұйымдастыруы, аудан әкімдігінің қолдауымен үш томдық жинақтың жазбасы жиналған болатын. Тарихи-танымдық еңбектің I томы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан энциклопедиясымен бірге жарық көрген болатын. Ал жинақтың екінші, үшінші томдары аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлының тікелей қолдауымен өткен жылы Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспаханасынан жарық қөрді.

         Шара барысында Ғабидолла Абдоллаұлы және еңбек ардагері Нәсіпқали Мақанов жаңа жинақтардың тұсауын кесіп, ізгі тілектерін білдірді.

 

Ақсұңқар Сәдір,

Жаңақала ауданы

© zhaikpress.kz