01 Қараша 2018
2630

Басшылық

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі - Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 

 

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын  «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Әр түрлі жылдары:

 

- «Банк Туран Алем» АҚ Орал қаласындағы

филиалында  маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің

директоры,

- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,

- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,

- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,

- Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

 

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

 


Облыс әкімінің орынбасары – Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы

 

Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.

2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды. 
Әр жылдары:

- ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі (2002-2006 жж.);

- ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас консультанты (2006-2009 жж.);

- ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі (2009-2010жж.);

-  Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары (2010-2011жж.);

- Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры(2011-2012жж.);

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры (2012-2013жж., 2014-2016жж.);

- ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы (2013-2014жж.);

Бүгінге дейін ҚР Азаматтық қоғам және дін істері министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеді.

 

 

 

 

 


Облыс әкімінің орынбасары - Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы
 

 

1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін тәмамдаған.

2001 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарды.

2001-2004  жылдары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, Орал қаласы. 

2004-2005  жылдары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы.

2005 жылы – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, Орал қаласы. 

2005-2006 жылдары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, Орал қаласы.

2006-2010 жылдары – «Қазақстан Халық Банкінің зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары, Орал қаласы.

2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы.

2011-2012 жылдары «БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Орал қаласы.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы.

2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың 26 қазанынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

2018 жылдың наурыз айынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 


Облыс әкімінің орынбасары – Бағдат Оразалдыұлы Азбаев
 

 

Бағдат Оразалдыұлы Азбаев 1974 жылы Алматы облысында туған, білімі жоғары. Қазақ аграрлық университетін (орман шаруашылығы инженері), қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (экономика және бизнес бакалавры) бітірген.

Еңбек жолын 1997-2001 жылдары Алматы облысы, Үйгентас ауданында «Автотехобслуживание» ЖШС-да механик, бас инженер қызметтерінен бастаған.

2001-2013 жылдары «Астана – көгалдандыру құрылысы» АҚ шебер, прораб,бас директордың бірінші орынбасары, кейін «Астана-Орманы» МКК директоры;

2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің төрағасы болып істеген;

2014-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

2016 жылдың маусым айынан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 

 

 


Облыс әкімінің орынбасары - Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы

 

 

Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (қаржыгер), Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын (экономист) бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімінің халық шаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист қызметінен бастаған.

1996-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының экономисі, аға маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болып қызметтер атқарған.

2005-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің бөлім бастығы.

2008-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім бастығы.

2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы.

2016 жылдың 5 сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

 

 

 

 

 

 

 


Облыс әкімі аппаратының басшысы – Исақұлов Рахымжан Ержанұлы

 

 

Білімі - жоғары. «Болашақ» бағдарламасымен Роял Холловей Лондон университетін «экономика және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас көшбасшылар бағдарламасы аясында Жапония үкіметінің гранты негізінде Саяси зерттеулер ұлттық институтының «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығында оқыды. ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.